Біз туралы » Страница 27 » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жыл мұғалімі-2021», «Үздік педагог»
21
май
2021
«Жыл мұғалімі-2021», «Үздік педагог»
№200 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Р.Онтагарова аудандық «Жыл мұғалімі-2021» байқауында III орын, ал бастауыш сынып мұғалімі С.Б.Икатова «Үздік педагог» байқауында II орынды иемденіп, аудандық кәсіподақ ұйымының заттай сыйлығымен марапатталды.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай
20
май
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай
#200 мектеп - гимназиясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай аудан желтоқсаншылары ардагерлер кеңесімен бірге сахналық қойылым қойып, шөбересі Жамбылов Мұратхан Әлімқұлұлымен кездесу өткізілді.
Олжас Омарұлы Сулейменовтың 85 жылдығына орай Д.Б.Жакишеваның ұйымдастыруымен «Жырланып жатқан жылдарым» тақырыбында 10 сыныптар арасында конференция
18
май
2021
Олжас Омарұлы Сулейменовтың 85 жылдығына орай Д.Б.Жакишеваның
Алматы қаласы Наурызбай ауданы № 200 мектеп гимназиясында Олжас Омарұлы Сулейменовтың 85 жылдығына орай Д.Б.Жакишеваның ұйымдастыруымен «Жырланып жатқан жылдарым» тақырыбында 10 сыныптар арасында конференция өтті.  Мақсаты: Олжас Сулейменовтың атқарған істерін, жұмыстарын оқушыларға тарата отырып,  Қазақ жерінде Семей ядролық-сынақ полигонының қасіретін қазіргі жеткіншектерге нақты дәлелдермен көрсету, ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзат қоғамына төндіретін қаупін түсіндіру.
« Отбасым— бақыт мекенім»  атты онлайн мерекелік іс — шара өткізді.
17
май
2021
« Отбасым— бақыт мекенім» атты онлайн мерекелік іс — шара өткізді.
15-мамыр Отбасы күніне орай №200 мектеп— гимназиясының 1«Г»  сынып жетекшісі Огизбаева К. К.« Отбасым— бақыт мекенім»  атты онлайн мерекелік іс — шара өткізді.  Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы,  жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп,  отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа,  жауапкершілікке,  ептілікке,   өз ойын еркін жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
№36 емхананың психолог маманымен кездесу өткізілді.
14
май
2021
№36 емхананың психолог маманымен кездесу өткізілді.
 №200 мектеп-гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Л.Салкинбекованың ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына әлеуметтік-күйзелістік бұзылулардың, дағдарыстық күйлердің алдын алуы бойынша №36 емхананың психолог маманымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында адам қиын жағдайға тап болғанда не істеуге болатындығы туралы кеңестер беріп, "Жастар" орталығы туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар, №200 мектеп-гимназия педагог-психологы Сүлеймен Ә.С. "Өмірдің мәні" тақырыбында психолог
«ҚР ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ»
13
май
2021
«ҚР ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ»
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанған №200 мектеп – гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Онтагарова Арай Рахымовна марапатталды.
Алматы «Nur Otan» бастауыш ұйымдарының саны бойынша республикада бірінші орында
12
май
2021
Алматы «Nur Otan» бастауыш ұйымдарының саны бойынша республикада
Алматы «Nur Otan» бастауыш ұйымдарының саны бойынша республикада бірінші орында ⠀ Мегаполисте барлығы 675 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, олар өз қатарларында 60 мың партия мүшелерін біріктіреді. Осы және басқа да көрсеткіштер партияның Алматы қалалық филиалының басшысы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың @sagintayev.b төрағалығымен өткен ХXVII есептік-сайлау конференциясында айтылды. ⠀ «Алматылықтар «Nur Otan» - ең алдымен қарапайым азаматтардың: дәрігерлердің, мұғалімдердің, жастардың,
Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы
10
май
2021
Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы
№200 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне" орай Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, одан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту мақсатында видеоролик түсірді.  Осындай челледждер жалғасын табады деген сенімдеміз!
QAHARMAN челленджі
06
май
2021
QAHARMAN челленджі
Ұлы Отан соғысының батырларын еске ала отырып, QAHARMAN челленджін бастауды дұрыс деп шештік. Сол қиын дәуірдің қиыншылығын бастан кешірген, алапат сұмдық ашаршылық жылдарын өз көзімен көрген, Отаны, елі үшін қанмайданның отын кешкен  Қыстықбаев Бұланбай 1917- ші жылғы,  Ұлы Отан соғысы ардагері Псковта артиллерия бөлімінде соғыстың басынан аяғына дейін майданда болған ардагер атамыздың өмірін келешек ұрпаққа мақтан етіп, дәріптеу мақсатында челледж жалғасын табады деген  сенімдеміз.
"ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ" атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.
05
май
2021
"ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ" атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.
№200 мектеп-гимназиясының 5-7 сынып оқушылары арасында "ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ" атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Бейбіт өміріміздің келешегі қалаушысы болған батырларымыздың бүгінгі ізбасарларының мәңгі жүрегінде болары сөзсіз.