Біз туралы » Страница 24 » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 7 "Ә" сынып жетекшісі Г.А.Апсалимованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
01
октябрь
2021
"Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 7 "Ә" сынып жетекшісі
1 қазан қарттар күніне орай "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 7 "Ә" сынып жетекшісі Г.А.Апсалимованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. М. Мақатаев атамыз айтқандай ата-әжелеріміз алдында қарыздар екенімізді, оны тек, қарттарымызды құрметтеп, сыйлап, ардақтап, қадірлеп қана өтей алатын екенімізді оқушыларға түсіндіре отырып тәрбиелеу.
"ЖИТС - XXI ғасыр індеті" тақырыбында семинар өткізілді.
30
сентябрь
2021
"ЖИТС - XXI ғасыр індеті" тақырыбында семинар өткізілді.
#200 мектеп - гимназиясы бойынша 2021 жылдың 30 қыркүйек күні СПИД орталығымен бірлесіп 8-10 оқушылары арасында "ЖИТС - XXI ғасыр індеті" тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
«Мұғалімнің басты құндылығы – баланың дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
29
сентябрь
2021
«Мұғалімнің басты құндылығы – баланың дамуы» тақырыбында баяндама
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру бойынша өткізілген іс-шарада №200 мектеп-гимназия педагог-психологі Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы «Мұғалімнің басты құндылығы – баланың дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада психолог маман ретінде мұғалімнің бойындағы шынайылық пен байқампаздық қасиеттер арқылы, баланың ішкі дүниесіне үңіліп,
«Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өткізді.
28
сентябрь
2021
«Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өткізді.
2021 жылдың 28 қыркүйек күні  №200 мектеп-гимназиясы Наурызбай ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының наркологиялық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.Кеңесбекова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Л.Салкинбекова, Е.С.Рахманбердиев  «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өткізді.  Мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу
"Қазақстан мұғалімі-2021"ұлттық премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
27
сентябрь
2021
"Қазақстан мұғалімі-2021"ұлттық премиясының жеңімпаздарын марапаттау
"Қазақстан мұғалімі-2021"ұлттық премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Шараның негізгі ұйымдастырушысы әлеуметтік маңызға ие қоғамдық бастамаларды қолдайтын қордың жетекшісі Әлия Назарбаева @aliya_nazarbayeva_official. Ең үздік ондық қатарына Наурызбай ауданы №200 мектеп – гимназия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ишангалиева Айгуль Максотовна "Әлем мұғалімі" халықаралық байқауына қатысуға жолдама алды. "Әлем мұғалімі " халықаралық байқауының жүлдесі 1 млн.доллар.Бұл байқауды әлем
"Қоғамдық тәртіп негізі" атты дөңгелек  үстел пікірсайысын өткізді.
24
сентябрь
2021
"Қоғамдық тәртіп негізі" атты дөңгелек үстел пікірсайысын өткізді.
2021 жылдың 24 қыркүйек күні "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жетекшісі  А.Д.Елеуова 9 сынып білім алушыларымен "Қоғамдық тәртіп негізі" атты дөңгелек  үстел пікірсайысын өткізді. Оқушылар топқа  бөлініп, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасады. Мақсат: Білім алушыларды сабақта, сабақтан тыс уақытта қоғамдық, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру, әдепті, сыпайы болуға үйрету. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауды уйрету.
"Алматы-тарих тағылымында" тақырыбында латын қарпімен шығарма жазу акциясы болып өтті.
23
сентябрь
2021
"Алматы-тарих тағылымында" тақырыбында латын қарпімен шығарма жазу
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» демекші, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, 2025 жылға дейін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыру саясатын жүзеге асыру мақсатында қыркүйектің 23-жұлдызында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №200 мектеп- гимназиясында 9-11 сыныптар арасында "Алматы-тарих тағылымында" тақырыбында
Үдеу» атты тақырыпта сабақ өткізілді.
22
сентябрь
2021
Үдеу» атты тақырыпта сабақ өткізілді.
Физика пәні мұғалімі Т.М. Дабылова   22 қыркүйек күні 9 «Б» сынып оқушыларына физика сабағынан «Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс.  Үдеу» атты тақырыпта сабақ өткізілді. Сабаққа   Алматы қаласы Білім басқармасының әдіскері М.А.Батырбаева, мектеп әкімшілігі және ұстаздар қатысты. Жас ұстаз интернет платформа «Zoom» мүмкіндіктерін пайдалана отырып   синхронды және асинхронды форматтарды үйлесімді біріктіріп ұтымды жүргізді. Сабақта оқу процесі кезінде презентация, бейне материалды және
"Тілдер мерекесі" жыл сайын жоғары деңгейде аталып келеді.
20
сентябрь
2021
"Тілдер мерекесі" жыл сайын жоғары деңгейде аталып келеді.
      Қазақ тілі-біздің бабаларымыздан аманатталған ана тіліміз. Оны қадірлеп, қастер тұту-әр қазақ баласының қасиетті борышы. Республикамызда "Тілдер мерекесі" жыл сайын жоғары деңгейде аталып келеді. Қазақстанды бір ғана отанымыз деп білетін, ұлы халықтың ұлы құндылығын бойларына сіңіріп өсіп келеді. Сол құндылықтың бір - Тіл!      Тіл мерекесіне орай, Алматы қаласы Наурызбай ауданы, 200  мектеп-гимназиясында  ақын Серік Қалиевпен кездесу болып өтті. Оқушылар ақын ағамыздың өлеңдерін жатқа
«Қоғамдық ортада өзін – өзі ұстау ережелері» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
16
сентябрь
2021
«Қоғамдық ортада өзін – өзі ұстау ережелері» атты тақырыбында
2021 жылдың 16 қыркүйек күні №200 мектеп – гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Е.С.Рахманбердиев, А.Л.Салкинбекова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Т.Сұлтанның ұйымдастыруымен  8 – 9 сынып оқушылары арасында «Қоғамдық ортада өзін – өзі ұстау ережелері» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.