9-сыныптар арасындағы "Көктем аруы-2026" байқауы
Мектебімізде «Көктем аруы-2026» байқауы өтті 🌸 №200 мектеп-гимназиясында қыз балалардың өнерін, білімін, әдептілігін және тапқырлығын көрсету мақсатында «Қыз сыны» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан арулар өздерінің сұлулығымен қатар өнерін, ақылын және сахна мәдениетін көрсете білді. Қазылар алқасының шешімі бойынша: 🏆 Бас жүлде иеленген: 9 “Ә” сынып оқушысы 🥇 1 орын алған: 9 “Д” сынып оқушысы 🥈 2 орын алған: 9 “А” сынып оқушысы 🥈2 орын алған: 9. “Б” сынып оқушысы