10
сентябрь
2021
«Экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері» атты танымдық сабақ өткізілді.


2021 жылдың 10 қыркүйек күні №200 мектеп – гимназиясында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» оқушылары мен аға тәлімгер А.Д.Елеуованың ұйымдастыруымен «Экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері» атты танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты барлық табиғатты қорғау іс-шараларының теориялық негізі болып табылатын экологиялық білімнің негізін қалыптастыру, оның ішінде адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның денсаулығын сақтау бойынша іс-шаралар, болашақ маманға экологиялық және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша білімдерін пайдалануға мүмкіндік беретін сананы экологияландыру мен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.