20
сентябрь
2021
"Тілдер мерекесі" жыл сайын жоғары деңгейде аталып келеді.

Қазақ тілі-біздің бабаларымыздан аманатталған ана тіліміз. Оны қадірлеп, қастер тұту-әр қазақ баласының қасиетті борышы. Республикамызда "Тілдер мерекесі" жыл сайын жоғары деңгейде аталып келеді. Қазақстанды бір ғана отанымыз деп білетін, ұлы халықтың ұлы құндылығын бойларына сіңіріп өсіп келеді. Сол құндылықтың бір - Тіл!
Тіл мерекесіне орай, Алматы қаласы Наурызбай ауданы, 200 мектеп-гимназиясында ақын Серік Қалиевпен кездесу болып өтті. Оқушылар ақын ағамыздың өлеңдерін жатқа оқып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.