"Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 7 "Ә" сынып жетекшісі
1 қазан қарттар күніне орай "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында 7 "Ә" сынып жетекшісі Г.А.Апсалимованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. М. Мақатаев атамыз айтқандай ата-әжелеріміз алдында қарыздар екенімізді, оны тек, қарттарымызды құрметтеп, сыйлап, ардақтап, қадірлеп қана өтей алатын екенімізді оқушыларға түсіндіре отырып тәрбиелеу.