05
октябрь
2021
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және құқықтық мәселелерге байланысты дәріс оқыды.

№200 мектеп – гимназиясы бойынша 2021 жылдың 5 қазан күні Алматы қаласының ақпараттық - түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы және Наурызбай АПБ ЖПҚБ ЮПБ бастығы полиция майоры Қанағатова Н. Б. оқушылармен кездесті. Кездесуде сарапшылар «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және құқықтық мәселелерге байланысты дәріс оқыды.
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың айырмашылығы, экстремистік және террористік ұйымдарың қауіптілігі, психологиялық әдістері туралы айтылды. Баяндамашы сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Іс -шара барысында қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Бұл шара өз деңгейінде өтті, көрермендердің көңілінен шықты.