24
сентябрь
2021
"Қоғамдық тәртіп негізі" атты дөңгелек үстел пікірсайысын өткізді.

2021 жылдың 24 қыркүйек күні "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жетекшісі А.Д.Елеуова 9 сынып білім алушыларымен "Қоғамдық тәртіп негізі" атты дөңгелек үстел пікірсайысын өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасады. Мақсат: Білім алушыларды сабақта, сабақтан тыс уақытта қоғамдық, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру, әдепті, сыпайы болуға үйрету. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауды уйрету.