10
ноябрь
2022
“Психологиялық қызметті ұйымдастыруда диагностикалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына əсері олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы орнын анықтауды жəне бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру, стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу, ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу, арнайы əдістемелерді пайдаланып əртүрлі жастағы балаларға психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу жəне психологиялық қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет түрлерін ұйымдастыра білетін маман. Осы орайда 10.11.2022ж күні №200 мектеп-гимназия педагог-психологы Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы Наурызбай ауданы бойынша педагог-психолог мамандарына “Психологиялық қызметті ұйымдастыруда диагностикалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өткізді. Семинар барысында диагностикалық жұмыстардың жүргізілуінің тиімді әдістерін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.