25
сентябрь
2020
"5-сынып оқушыларының пәндік бейімделуі бойынша психологиялық кеңестер" тақырыбында семинар өткізді.
Ғылыми тілде адаптация деп аталатын қиындығы көп бейімделу күйін 1 және 5-ші сынып оқушылары бастан өткізеді. Қиындыққа тап болған жас баланы қолдамай, проблемаларын шешуді тек өзіне қалдырар болсақ, не ұтамыз? Ештеңе де. Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады. Бұл процесс 5 сынып оқушыларының кіші мектептен орта мектепке өту кезеңінде бастау алады. Адаптация кезеңі 1 айдан 1 жылға дейін созылатынын білеміз. Бұл кезеңде балада дағдарыс кезеңі байқалады. 5 - сыныпта жаңа таныс емес пәндер еніп, оқу жүктемесі көбейеді, күнделікті жоспары ауысады, кейбір оқушыларда физиологиялық өзгерістер де байқалып жатады. Бұл кезеңде психологиялық жағынан – агрессия, сенімсіздік, өз ортасын мойындамау, өшпенділік, қарым-қатынаста енжарлық таныту, эмоционалды қызбалық, мазасыздану, беймазалық, жалған сөйлеу, ұшқалақтық байқалуы мүмкін. Осыған орай 30.09.2020ж. күні №200 мектеп-гимназия педагог-психологы Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы бесінші сынып оқушыларының ата-аналары мен пән мұғалімдеріне "5-сынып оқушыларының пәндік бейімделуі бойынша психологиялық кеңестер" тақырыбында семинар өткізді. Семинарда мектеп-гимназия педагог-психологы орта буынға бейімделу кезінде 5-сынып оқушыларына көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңестер мен ұсыныстар берді.