30
январь
2023
Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А Кусаинова ашып олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.


Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 30 қаңтар күні Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының 09.11.2022 жылғы №328-22 жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданы өткізу туралы» бұйрығына сәйкес олимпиаданың аудандық ІІ-кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А Кусаинова ашып олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 9-11 сынып оқушылары арасында 30-қаңтар мен 3-ақпан күндері аралығында бір турда классикалық олимпиадалық тапсырмалар нысанында өткізіледі. Наурызбай ауданы бойынша жалпы 321 оқушы бақ сынасады. Апелляция және үйлестіру келесі күні офлайн форматта жүргізіледі. Іс-шараны өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін мүдделі емес «үшінші тұлғаларды» (журналисттер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) шақырылды. Ро-ның екінші кезеңін өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін бейне бақылау жүйесі мен (бір аудиторияда 2 камера және одан да көп веб-камера қамтамасыз етілді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!