23
февраль
2021
Іс - шаралар


Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.А Закирьянованың ұйымдастыруымен қалалық «Ғылыми жоба құру барысында мұғалімдер мен оқушылардың даралық қабілеттерін дамыту» деген тақырыпта вебинар өтті. Оған Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының педагогикалық-инновациялық технология бөлімінің басшысы К.Шакретовна, ғылыми-зерттеу және шығармашылық конкурстар бөлім жетекшісі Г.Джаманбаланова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.д Г.Саудабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, биология ғылымдарының кандидаты А.Бабашев және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Г.Абикенова қатысты.