16
май
2022
«АЛМАТЫ БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында «Өнерлі бала» тақырыбында аудандық қолөнер байқауы өткізілді.

2022 жылдың 16 мамыр күні #200 мектеп-гимназиясында «АЛМАТЫ БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында «Өнерлі бала» тақырыбында аудандық қолөнер байқауы өткізілді.Мақсаты: оқушыларды шығармашылық белсенділікке баулу, дарынды балаларды олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру, осы саладағы көркемдік дәстүрлерді сақтау. Байқауда білім беру ұйымдарының оқушылары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
«Алматы БАЛАFEST Фестиваль аясында өтетін «Өнерлі бала» аудандық байқауына Алматы қаласының, Наурызбай ауданы бойынша төмендегі мектептер қатысты:
№157 жалпы білім беретін мектеп
№174 мектеп-гимназия
№176 мектеп-гимназия
С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп
Г.Титов атындағы №187 жалпы білім беретін мектеп
Б.Соқпақбаев атындағы №188 мектеп-гимназия
Р.Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп
№ 200 мектеп-гимназия
№ 15 Санаториялық мектеп-интернат
Aisaf – Almaty гимназиясы
І орын иеленген – 24 оқушы қалалық «Алматы БАЛАFEST Фестиваль аясында өтетін «Өнерлі бала» сайысына жолдама алды.
ІІ орын алған – 18 оқушы, ІІІ орын 23 оқушылардың жұмыстары анықталып марапатталды.