01
сентябрь
2021
"Кел, балалар оқылық" атты тақырыбында салтанатты жиын мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып бүлдіршіндеріне арнайы ұйымдастырылды.

2021 жылдың 1 қыркүйек күні #200 мектеп - гимназиясында "Кел, балалар оқылық" атты тақырыбында салтанатты жиын мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып бүлдіршіндеріне арнайы ұйымдастырылды."Әліппе" алғашқы оқулығы салтанатты түрде табысталды.
Жиын барысында санитарлық- эпидемиологиялық ережелер толықтай сақталды. Салтанатты жиын Наурызбай аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы Заурбеков Ерлан Әбирбекұлының қатысуымен өтті. Мектеп табалдырығын енді аттаған кішкентай бүлдіршіндерімізге оқуда озат, саналы да тәрбиелі, келешекте еліміздің бір тұтқасын ұстайтын тұлғаларға айналуына ізгі тілек білдіреміз.1 қыркүйек "Білім күні" ұстаз, оқушы және ата-аналар мерекесі құтты болсын!!!