04
сентябрь
2020
«2020 – 2021 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру»

2020 жылдың 19 тамыз күні №200 мектеп – гимназия ұжымында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінге және орта білім беру комитетінің» тапсырмасына сай жалпы республикалық №1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС өткізілді.
«2020 – 2021 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңеске Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Жомартбай Гүлмира Жәнібекқызының қатысуымен өтті.
Коронавирустың инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету мақсатында өткізілген педкеңес барысында алдағы оқу жылындағы жоспарлар қарастырылып, ұстаздарымызға толық мағлұматтар берілді.