25
май
2021
«Сыңғырла соңғы қоңырау, Балалық шақтан – болашаққа» тақырыбында өтті.



Бүгін 25 мамыр. Наурызбай ауданы №200 мектеп- гимназиясында кезекті оқу жылы аяқталды. Еліміздегі Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 11-ші сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанатты жиыны online zoom форматында «Сыңғырла соңғы қоңырау, Балалық шақтан – болашаққа» тақырыбында өтті. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің өмір тарихында мәңгі есте қалатын күн.
Сынып сағаты барысында мектеп-гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы өзінің құттықтау сөзін мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарға, ұлағатты ұстаздарға айтып, оқу жылын қорытындылап өтті. Келесі сөз алған 11сынып мектеп түлектері – ұшқан ұя білім ордасына деген қимастық сезімдерін, ұстаздар қауымына алғыстарын, үлкен арман- үмітке толы қадамдарына арналған монологтарын, өлеңдерін оқып сынып сағатының өткізілуі тамаша көңіл күйге бөледі. Салтанатты жиын соңында түлектер болашаққа үндеулерін айтып, Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанның, Мәңгілік Ел іргесін қалайтын жасампаз жастар болуына сенім білдірді.