24
май
2021
2021 жылдың 22 мамыр күні №200 мектеп – гимназиясында 1 – 11 сыныптар арасында онлайн форматта жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысы өткізілді.

Бүгінгі таңда әлем өзгеруіне байланысты балалар мен ата-аналардың көзқарастары да өзгерді. Сондықтан мектеп алдына қойылатын талаптар да өзгертілуі тиіс. Бұрынғыдай мұғалімнің монологіне құрылған жиналыстан гөрі, топтық жұмыс арқылы ата-аналардың бірлесе әрекет етіп, проблеманы талқылағаны әлдеқайда тиімді. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-анасы екені анық. Отбасы қандай болса, өсіп келе жатқан ұрпақ та сондай болады, бала әке-шешесінің үлгісінде тәрбиеленеді. Ендеше өскелең ұрпақ ел тізгінін ұстайтындай азамат болсын десек ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастырып, келешекте жас ұрпақ болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ету мақсатында 2021 жылдың 22 мамыр күні №200 мектеп – гимназиясында 1 – 11 сыныптар арасында онлайн форматта жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.