30
апрель
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

2021 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫН» атты дебатқа қатысқан «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелері Ердосұлы Әли «ОЙ МЕН СӨЗДІҢ БІРЛІГІ» номинациясы, Ерғали Аиза «СӨЗДІҢ ГРАМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН МЕҢГЕРУ» номинациясы, Сайдбурхан Айша «ҚАЖЕТТІ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕРДІ ҚОЛДАНУ» номинациясы, Хамит Айшабибі «ӨЗГЕЛЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫН ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛУ» номинациясы, Бауыржанқызы Әсел «ПІКІРТАЛАСТАҒЫ СӨЗДІҢ КҮШІ» номинациясы, Омарова Сая «ОЙДЫ АНЫҚ ЖЕТКІЗУ» номинациясы бойынша №200 мектеп-гимназиясының директоры А.Нұрымқызының сертификатымен марапатталды. Жетекшісі аға тәлімгер Б.К.Қыйлыбай. Оқушыларға сертификаттарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.С.Рахманбердиев табыс етті.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деп дана халқымыз айтқандай оқушыларымыздың бойындағы қасиетін байқап, оларға қолдау көрсету, ол әр ұстаздың оқушы алдындағы міндеті деп білеміз. Әрқашанда білімді, ақылды, алғыр, зерек, дарынды, дарабоз оқушыларымыз көп болсын!