20
апрель
2021
«Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты тақырыпта қашықтықтан дебат өткізді.




Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №200 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Б.К.Қыйлыбай «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты тақырыпта қашықтықтан дебат өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ, мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін ұғындырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Атаулы іс-шараға 9 сынып оқушыларынан құралған «Тәуелсіз ұрпақ» және «Жас Отан» топтары қатысты. Дебат бірнеше кезеңмен өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Л.Салкинбекова, Е.С.Рахманбердиев төрешілік етті. Оқушылар Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырып, оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан жақсы білімдерін, өз пікірін дәлелдеу қабілетін көрсетіп, тәжірибе жинақтады