20
октябрь
2020
Іс - шаралар



20 қазан күні №200 мектеп-гимназиясының оқушыларын қашықтықтан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқының, адамгершілік эстетикалық құндылық негіздерін қалыптастыру. Атаулы іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Л.Салкинбекова, Е.С.Рахманбердиев қатысып, "Адал Ұрпақ" ұйымының негізгі мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті.
Іс-шара барысында клуб жетекшісі Б.К.Қыйлыбай оқушыларға «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының алдағы уақытта арқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Құрметті оқушылар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысына сәттілік тілей отырып, Тәуелсіз еліміздің адал да саналы азаматтарының санын арттыруға ықпалын тигізетін ауқымды іс-шаралар атқаратындығымызға сенім білдіреміз.