28
октябрь
2021
«Абыройлы ұстаз»


Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназияда қазанның 28-жұлдызында Наурызбай аудандық «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық конкурстың аудандық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау. Аталмыш конкурсқа аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысып, С.Б.Икатова (№200 мектеп- гимназия)., Н.Сатпаева (№157 мектеп)., М.Салыбаева (№174 мектеп- гимназия) қалалық кезеңге өтті.