Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!"
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында 4-11-сынып оқушыларына 2023 жылдың 14 ақпанында педагогика ғылымдарының магистрі, Жоғары санатты ұстаз, "МАТЕМАТИКА-ЛОГИКА" кітабының "Математика ОҢАЙ" курстарының авторы, "BILIM.IQ" жобаларының авторы, Білім мотиваторы, Жас ғалым, "BILIM.ONLINE" орталықтарының құрушысы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне 4-11-сыныптар арасынан 250 оқушы мен 15 ұстаз қатысты.