Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!" тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
15
февраль
2023

Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!" тақырыбында кездесу кеші өткізілді.





Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында 4-11-сынып оқушыларына 2023 жылдың 14 ақпанында педагогика ғылымдарының магистрі, Жоғары санатты ұстаз, "МАТЕМАТИКА-ЛОГИКА" кітабының "Математика ОҢАЙ" курстарының авторы, "BILIM.IQ" жобаларының авторы, Білім мотиваторы, Жас ғалым, "BILIM.ONLINE" орталықтарының құрушысы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен "ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне 4-11-сыныптар арасынан 250 оқушы мен 15 ұстаз қатысты.
Кездесу кешінде бастауыш сынып оқушылары күрделі есептерді логикамен жұмыс жасау арқылы оңай жолдармен шығару жолдарын  үйренсе, жоғарғы сынып оқушылары емтихан уақыттарында және ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдалана отырып, есептің жауабын тез таба алу мен қатесіз шығару жолдарынан  «Математика-логика" кітабының авторы Нұрлан Ырысқалиұлынан тәжірибе алып, білімдерін толытыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар кездесу барысында автордың оқулығы біраз оқушылар мен оқытушылардың кәдесіне жарап жатқандығына көз жеткіздік.      
Мектеп ұжымы мен оқушылары Нұрлан Ырысқалиұлының 2022 жылы  "Логиканың бастауы - БАСТАУЫШ" тақырыбында және "Баланың бас ұстазы - АТА-АНА" тақырыбында өткізілген семинарына өз қызығушылықтарын білдірді. Семинарға қатысқан оқушылар таңдаған бағыттарына қарамастан (жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) автордың кітабындағы логикалық есептерінің үлгілері арқылы оңай жолмен шығара алатындықтарына көз жеткізіп, қуаныш сезімдерін жасыра алмады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен үздіксіз үздік білім беру ісінде өзінің үлесін қосып жүрген Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлына алғысымызды білдіреміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив