16
октябрь
2020
"Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі"

2020 жылдың 16 қазан күні №200 мектеп - гимназиясының химия пәнінің мұғалімі А.Т.Асқарқызы 8”в” сыныбына химия пәнінен "Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі" тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылар металдардың белсенділік қатарын пайдалана отырып, металдардың сумен және оттекпен реакцияға түсу жағдайларын ажырата білуін үйрету.
Сабақтың барысында химия пәні мұғалімі А.Т.Асқарқызы оқушыларға металдардың тотығу процесін және олардың сумен әрекеттесу барысында оксидтер мен гидроксидтердің түзілуіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ресурстар ретінде видеороликтер, слайд, кестелер пайдаланылды.
Сабақтың соңында оқушыларға тапсырмалар беру арқылы, кері байланыс жүргізілді.