15
октябрь
2020
"Отбасы құндылықтары"


"Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы" демекші, білімді игерту мейлі қашықтықтан болсын, мейлі мектеп қабырғасында болсын ұстаздың басты талабы мен мақсаты. №200 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Б.Жанысова 6"Г"сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан "Отбасы құндылықтары" атты тақырыпта сабақ өткізілді. Ұстазымыз "Zoom"интернет платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, синхронды және асинхронды форматтарды үйлесімді пайдалана отырып жүргізді. Сабақта оқу процесі кезінде презентация, бейнематериалдарды тиімді пайдалана білді. Сонымен қатар "Bilimland" оқу платформасы бойынша қызықты бейнематериалдарды және жаттығу жұмыстарын оқушыларға ұсына білді. Қосымша білім беру ресурстарын қолдана отырып оқушыларға кері байланыс және формативті бағалауды талапқа сай жүргізді.