11
февраль
2022
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг өткізілді.

2022 жылдың 10 ақпан күні #200 мектеп - гимназиясында Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының нәтижелі және тиімді жұмысын арттыру мақсатында «Забота» дағдарыс орталығы мен Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг өткізілді. Тренинг барысында жастарды тарта отырып, есірткі заттарын тарату және пайдалану бойынша күреске бағытталған стратегиялық іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ электрондық темекіні пайдалану сияқты ілеспе проблемаларды талқылау жүргізілді.