«Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
22
апрель
2021

«Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.


2021 жылдың 22-сәуір күні  Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназияда ҚББЖТҒӘО-ның өзін-өзі тану және рухани-адамгершілік тәрбие бөлімінің әдіскері З.С.Бибалинованың ұйымдастырумен қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша «Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарда №200 мектеп-гимназияның өзін-өзі тану пәні мұғалімдері іс-тәжірибе алмасып, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында әдістемелік қолдау көрсете білді.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Закирьянова семинарға қатысушыларға мектеп-гимназияның тынысы туралы бейнебаянмен таныстырып,  педагог-психолог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ә.С. Сүлеймен «Қашықтан оқыту жағдайында оқушыларға жоба жұмысын тиімді ұйымдастырудың әдістері»  тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. А.Н.Усипованың 7 «Ә» сыныбына өткізген «Адам.Жасампаздық» тақырыбындағы ашық сабақ өте жоғары деңгейді бағаланды. Сондай-ақ өзін-өзі тану пәні мұғалімі Үміт Жалғасбайқызының ұйымдастыруымен өзін-өзі тану оқулықтарының құрастырушыларының бірі Акимбаева Жазира Жайлаубекқызымен кездесу болып, сұхбат жүргізілді. Семинар соңында 4-сынып оқушыларының орындауында Үміт Жалғасбайқызының әніне жазылған «Балдырғандар жыры» шырқалып, кері байланыс https://docs.google.com/forms/  бойынша өткізілді. Қалалық семинарға қатысушыларға семинар материалдары, өзін-өзі тану кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптар, қашықтан оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар жинақталып кітапша ретінде таратылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив