23
ноябрь
2021
"Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сөйлеу тілін түзету" атты тақырыбында тренинг өткізілді.

Тіл-жанды құбылыс. Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету - балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзету және де мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың алдын алуға бағытталған. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Орыс ғалымы Л.В. Зенков Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы деп көрсеткендей, баланың сөздік қорларын кеңейту және танымдық әрекеттерін қалыптастыру негізінде жаңа технологияларды коррекциялық жұмыстарда қолдана білсек, бала бойындағы кемшіліктерді жоюға болады демекші 2021 жылдың 23 қараша күні №200 мектеп – гимназиясының логопед Т.Ж.Каналиеваның ұйымдастыруымен "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сөйлеу тілін түзету" атты тақырыбында тренинг өткізілді.