08
декабрь
2021
Желтоқсан қаһарманы Омарғалиев Сағидулла Каримжановичпен кездесу болып өтті.


Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында #200 мектеп-гимназиясында 8 желтоқсан күні
9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1986 жылы алаңға шыққан Желтоқсан қаһарманы Омарғалиев Сағидулла Каримжановичпен кездесу болып өтті.
Мақсаты: Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керек екендігін түсіндіру.
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
Еліміздің тарихы туралы түсінік бере отырып, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.