Желтоқсан қаһарманы Омаров Әлімжан Қадірұлымен кездесу өтті. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2021

Желтоқсан қаһарманы Омаров Әлімжан Қадірұлымен кездесу өтті.


Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы Жел­тоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қол жеткіздік. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыратын болады. Олардың сол қаһарлы күндердегі қайсар ерліктері бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге. 7 желтоқсан күні #200 мектеп-гимназиясында 8-сыныптың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1986 жылы атойлап алаңға шыққан Желтоқсан қаһарманы Омаров Әлімжан Қадірұлымен кездесу өтті. 
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;
Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив