28
апрель
2021
«Чернобыль апатына қатысқан ардагердің тарихи ерлігін еске алу» тақырыбында онлайн форматта кездесу өткізілді

№200 мектеп – гимназиясы бойынша 2021 жылдың 27 сәуір күні 8 «В» сынып жетекшісі Серкенова Балжан Ерланбековнаның ұйымдастыруымен «Чернобыль апатына қатысқан ардагердің тарихи ерлігін еске алу» тақырыбында онлайн форматта кездесу өткізілді. Кездесу қонағы Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандардың бірі ардагер ағамыз Сарыев Бақытжан Ибуллаевич.
Мақсаты: оқушыларға Чернобыль апатының кешегісі мен бүгінін сонымен қатар ертеңі яғни болашағы туралы жан-жақты ақпарат беру. Апатты жоюға аттанған батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.