Іс - шаралар » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2021

Іс - шаралар



2021 жылдың 17 ақпан күні №200 мектеп – гимназиясында «Ауғанстан - жан жарасы» атты тақырыпта 10 «А» сынып жетекшісі А.Иманбаеваның ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлерімен онлайн форматында кездесу кеші өткізілді.

Онлайн кездесу кешінің басты қонақтары – Наурызбай ауданының ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Мағұлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы мен Республикалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Ардагер» қоғамдық одағының төрағасы, мемлекеттік «Айбын» орден иегері Даркенбаев Байдаулет Құрманқожаұлы қатысты.  

Кеш барысында Қазақстан Республикасының гимні ойналып болғаннан кейін оқушылар мен ардагерлер ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлерді үнсіздік сәтімен еске алды. Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды .

              Мақсаты: Оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив