02
октябрь
2020
"Дәрумендер және олардың маңызы" атты тақырыпта сабақ өткізді.

Әлемдегі күрделі кезең - пандемияға қарсы күресте әр адам өз денсаулығы мен иммундық жүйесін күшейтуі үшін дәрумендерге бай азық-түлік өнімдерін тұтынуы қажет. #200 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалымы Ұ.Т.Омарова осы мақсатта 8 "Ә"сынып оқушыларымен "Дәрумендер және олардың маңызы" атты тақырыпта сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар дәрумендердің түрлерімен, әр дәруменнің адам ағзасы үшін маңызымен және дәрумендер кездесетін азық-түлік өнімдерімен танысып, қызықты тапсырмалар орындады. Оқушылар жеке және жұптық тапсырмалар орындап, бірін-бірі бағалау жұмыстарын жүзеге асырды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып әр оқушыны бағалап отырды.