"Перзент" балалар үйіне барып " Мейірімділік- жан шуағы" атты концерттік бағдарлама өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Перзент" балалар үйіне барып " Мейірімділік- жан шуағы" атты концерттік бағдарлама өткізілді.
08
февраль
2020

"Перзент" балалар үйіне барып " Мейірімділік- жан шуағы" атты концерттік бағдарлама өткізілді.


"Бақыт деген сенің бала күндерің" деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, жанары жаутаңдаған жәудіркөздер балалар саны қаншама. 
Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдың 8 ақпан күні "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты  онкүндік барысында #200 мектеп - гимназия директоры А.Нұрымқызының қолдауымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, өзін -өзі тану пән мұғалімдері және әлеуметтік педагог Хасен Гулшаттың ұйымдастыруымен "Перзент" балалар үйіне барып " Мейірімділік- жан шуағы" атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив