Әділ Ахметов » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2019

Әділ Ахметов

19 қыркүйек күні №200 мектеп - гимназия ұжымы мен білім алушылар "Ағалар жолы - бізге үлгі" атты еліміздің қайталанбас талантты актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино өнерінің майталманы, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Президент степендиясының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көптеген жобалар мен мәдени іс - шаралардың жүргізушісі, тележүргізуші - Әділ Ахметов Ералыұлы және Наурызбай ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Имашев Серік Ерәділұлымен кездесу кеші өткізілді. 

Келген меймандарымызды оқушыларымыз үлкен қошеметпен қарсы алды. "Анаға апарар жол" фильмімен танымал актермен сұхбаттасып өздері қалаған сұрақтарына жауап алды. Әртістің шеберлігін көзбе - көз тамашалау мақсатында мектеп өмірінен сахналық импровизациялық қойылымда Әділ Ахметов мектептің басшысының ролін сомдады.

Кино және театр саласында қазақ тарихындағы бірнеше ұлы тұлғалардың ролін сомдаған өзінің рольдері арқылы халыққа рух бере отырып, халқының танымал актеріне айналған Әділ Ералыұлына оқушылар дән риза болды. "Өнер - ағып жатқан бұлақ, ғылым - жанып тұрған шырақ" деп бекер айтпаса керек. Олай болса, гимназиямыздағы осындай шаралар болашақ ұрпақ үшін болар игі іс - шара болары анық.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив