Сәкен Майғазиев » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2020

Сәкен Майғазиев

2020 жылдың 28 қаңтар күні №200 мектеп - гимназиясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, әнші, өнер қайраткері, аты аңызға айналған Муз АРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиевпен кездесу өтті. Кездесу барысында Сәкен Майғазиев өзінің өнерге алғаш қадам басқан сәттерімен, өнер жолының ауыр екенін, өнер адамының сезімтал жүрегі әр түрлі ауыртпашылықтарды көтере білу керектігін де жеткізді. Өзінің өнер жолымен қатар отбасын құрған кезеңдегі алғаш басталған сәтінде көрген қиыншылықтарымен бөлісіп, жарқын мақсатың болса әр қадамың ізгі болашаққа өзі жетелеп әкелетінін оқушыларға жеткізе білді. Оқушылардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап беріп, оқушыларға арман-мақсат жолында ешқандай кедергіге мойымай, тек қана еңбектеніңдер деп ынта-тілегін білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив