Болат Әбілманов Мәзімбайұлы және әнші Мейрамбек Тағанов » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Болат Әбілманов Мәзімбайұлы және әнші Мейрамбек Тағанов

Наурызбай ауданы, №200 мектеп- гимназияда 26 ақпанда «Ұлыларды ұлықтаған ағалар» атты кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты : Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ұлттық болмыстың үлгісі болған Абай ақынның рөлін сомдаған М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актёрлері  Болат Әбілманов Мәзімбайұлы және  әнші Мейрамбек Тағанов шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. 

Ақын өлеңдері, қарасөздері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кеште мектебіміздің домбырашылары «Келіншек» күйімен, 2- сынып оқушыларының «Көзімнің қарасы» әнін хормен толықтыра түсті. Абай шығармаларын үш тілде оқитын, аудандық және қалалық Абай оқуларының жеңімпаздар А.Сейдалхан, А.Қалдыбаева және А.Қуатбек өнерлері кеш қонақтарына тарту етілді. 

Б.Әбілманов және М. Әуезов театрының ұйымдастырушысы Марзия Мамидолдина және М.Тағанов оқушылардың  сұрақтарына жауап бере отырып, өз өнерлерін көрсетті. 

Болат ағаның оқыған қарасөздерінен, айтқан ғибратты сөзінен, опералық туынды тыңдаған көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.Кешті мектептің тәрбие ісі орынбасарлары А. Салқынбекова, Е. Рахманбердиев және  Ә.Тұрсынова бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері ұйымдастырып, көрермендердің көңілінен шықты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив