05
март
2021
Хабарландыру!

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл - білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
🔸Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
🔸Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын-ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅"Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.