01
февраль
2021
Іс - шаралар




№200 мектеп – гимназиясында 2021 жылдың 29 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Л.Салкинбекованың ұйымдастыруымен 9 - 11 сынып қыз балалары арасында "Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын - алу" атты тақырыбында №36 қалалық емханасының акушер гинеколог дәрігері Әрипова Гаухар Болатқызы мен психолог Хамит Әзиза Бақытқызы дәріс оқыды.
Дәрігермен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойды.Мақсаты: Жоғары сынып қыздарына жыныстық өмірдің мәні, адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық- зомбылықтың алдын алу.