04
ноябрь
2022
Полиция аға лейтенанты Абуталипов Бектур Багдатович пен Капитан полиция Смагулов Ербол Амангельдыулының ұйымдастыруымен дәріс оқылды.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі күні қоғамның өте қауіпті проблемасына айналғаны, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде: адамдарды кепілдікке алу, ұрлау мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық орындарда жарылыстар сияқты әрекеттер ел тыныштығына нұқсан келтіріп халық арасында үрей туғызуда. Сондықтан да терроризм мен экстремизмге қарсы күрес пен жасалып жатырған шаралар мемлекеттік көлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты мәселелерінің бірі болып табылуына байланысты 2022 жылдың 4 қараша күні №200 мектеп – гимназиясының ұжымына Алматы қаласы Полиция Департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Полиция аға лейтенанты Абуталипов Бектур Багдатович пен Капитан полиция Смагулов Ербол Амангельдыулының ұйымдастыруымен дәріс оқылды.