29
апрель
2022
"Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені" атты мерекелік іс-шара өткізілді.


№200 мектеп-гимназиясы 5-сынып оқушыларының қатысуымен мектебімізде «1-мамыр -Қазақстан бірлігі күні» мейрамына сәйкес "Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Басты мақсаты бірліктің мәнін оқушыларға жеткізу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу болған іс-шарада оқушыларымыз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін өз бойларына сіңіре білді.