02
март
2021
«Алғыс айту парызымыз!»

1 Наурыз Алғыс айту күніне орай №200 мектеп – гимназиясының 5 «Ә» сынып жетекшісі А.Сұлтан және 5 «В» сынып жетекшісі К.Калманбетованың ұйымдастыруымен «Алғыс айту парызымыз!» атты тақырыбында онлайн мерекелік іс – шара өткізілді.
Мақсаты:
1. Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.