«Әлем кітапханалар тарихы» тақырыбында онлайн форматта танымдық сабақ өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әлем кітапханалар тарихы» тақырыбында онлайн форматта танымдық сабақ өткізілді.
24
январь
2022

«Әлем кітапханалар тарихы» тақырыбында онлайн форматта танымдық сабақ өткізілді.



Адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты жинақтап сақтайтын, оны оқырмандарына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрғандай.
Білім мен ғылымның, ақпарат пен мәдениеттің орталығы болып табылатын киелі орда кітапханада тек кітап беріліп қана қоймайды. Қазіргі әлемде кітапханалар ең саналы адамдар бас қосып, пікір таластыратын және түрлі идеяларын ұсынатын маңызды әлеуметтік құрылымдарға айналды.
Назарларыңызға әлемдегі кітап қоры жағынан ең бай, көлемі бойынша ең ауқымды, оқырманы өте көп, пайдасы ұшан-теңіз кітапханаларды тану мақсатында 2022 жылдың 25 қаңтар күні кітапхана меңгерушісі Г.Садвахасованың ұйымдастыруымен 5 – 6 сынып оқушылар арасында «Әлем кітапханалар тарихы» тақырыбында онлайн форматта танымдық сабақ өткізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив