18
октябрь
2021
«Адалдық дүкені»


№200 мектеп-гимназиясы бойынша «Адалдық дүкенінде» оқытушылар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушылардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.Мұндай дүкендерді ашу оқушыларды жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.