05
август
2021
Тәуелсіздік-әлемдегі ең құдіретті сөз.

Мен Жанысова Гулназ Болатовна Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Абай әлемі» байқауының құрмет грамотасы иегері. Байқауға қатысудағы менің мақсатым –өскелең ұрпақтың бойына Абай атамыз салып кеткен сара жолды дәріптеу. Тәуелсіздік-әлемдегі ең құдіретті сөз. Кең байтақ еліміз Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына да міне, 30 жыл толды. Осындай тәуелсіз елде шәкірттерімді тәрбиелеп,білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мен үшін үлкен мәртебе! Біз секілді тәуелсіз елдің ұстаздары тәрбиелеген шәкірттеріміздің болашақта алар асулары мен белестері көп боларына сеніміміз кәміл!