30
март
2021
«Кәмелет жасына толмағандардың психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуы»


Көп жылдар бойы біздің қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі жеткіншектер мен жастар арасында психобелсенді заттарды(ары қарай ПБЗ) қолдануы мен таралуы болып отыр. Жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандар ПБЗ пайдаланудың құрбаны болуда. Тіпті психобелсенді заттарды аздаған көлемде қабылдағанның өзінде ол денсаулықтың қатты бұзылуына және қайғылы жағдайларға ұшыратуы мүмкін. ПБЗ қолданудан мектеп оқушыларының денсаулығына және өміріне қауіп төндірудің алдын-алу мақсатында 2021 жылдың 30 наурыз күні №200 мектеп – гимназиясының ұйымдаструымен Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында «Кәмелет жасына толмағандардың психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуы» атты тақырыбында наркология орталығының психиатр – нарколог дарігері Кенесбекова Салия Кенесбековна семинар өткізді.