01
декабрь
2020
«Әдемі жазу» тақырыбында байқау өткізілді.


2020 жылдың 27 қараша күні №200 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып онкүндігінің аясында 4 «А» сынып жетекшісі М.Абекенова мен 4 «Б» сынып жетекшісі Ұ.Арыстанбекованың ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Әдемі жазу» тақырыбында байқау өткізілді.
Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі. Көркем жазудың мақсаты – бастауыш сыныпта көркем жазу машығын қалыптастыру, жазу ажарын қалыптастыру. Әріптерді каллиграфияға сай дұрыс салуға үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.