10
февраль
2021
«Ұланбасы – «Жас Ұлан» көшбасшысы

«Ұланбасы – «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады. Мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстарды енгізеді және түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
Алматы қаласы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 ақпан күні «Қалалық Ұланбасы» кандидаттар сайлауына Наурызбай ауданынан №200 мектеп-гимназиясының «Ұланбасы» 9 «А» сынып оқушысы Минбаева Арайлым Нұралықызы қатысты. Сайлауға әр ауданнан 8 үміткер ұсынылды. Оқушылар өздерінің болашақ әрекеті туралы бағдарламаларымен таныстырып, жұмыстарын көрсетті. Сайлау нәтижесі бойынша 6 үміткер іріктеліп, қалалық Ұланбасы мен орынбасарлары жарияланды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» сайлауының 7 бағыты негізінде Минбаева Арайлым Нұралықызы «Жеті жарғы» бағытының орынбасары болып тағайындалды. Сайлау комиссиясы, Алматы қаласы Медеу ауданының Мәдениет бөлімінің жауапты хатшысы Абдусаттар Бауыржан Мұратұлы сертификат табыстады. Жетекшісі аға тәлімгер Қыйлыбай Бану Керімбайқызы қалалық сайлауға ат салысып, өз ісіне деген адалдығын көрсеткені үшін «Оқушылар сарайы» МКҚК директоры А.Байсымақованың алғыс хатымен марапатталды.