«Мектепке жол» Республикалық акциясы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді. Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер