Біз туралы » Страница 15 » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жеті ата, жеті ұрпақ» ұлттық дәстүрді насихаттау бағытында өткізілген аудандық интеллектуалдық сайыста №200 мектеп – гимназиясы ІІІ орын иеленді.
23
март
2022
«Жеті ата, жеті ұрпақ» ұлттық дәстүрді насихаттау бағытында
Наурызбай ауданы мектептерінің жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» ұлттық дәстүрді насихаттау бағытында өткізілген аудандық интеллектуалдық сайыста №200 мектеп – гимназиясы ІІІ орын иеленді.
«Қош келдің әз Наурыз!» атты тақырыпта ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында жарыс өткізілді.
22
март
2022
«Қош келдің әз Наурыз!» атты тақырыпта ұлттық ойындарды жаңғырту
Наурыз мерекесі қарсаңында 2022 жылдың 18 наурыз күні  #200 мектеп - гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің әз Наурыз!» атты тақырыпта ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында жарыс өткізілді. Атап айтқанда, спорттық іс-шараға асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес, кір тасын көтеру сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті.  Арнайы жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шара
«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
21
март
2022
«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
2022 жылдың 18 наурыз күні  #200 мектеп - гимназиясының үйірмелерге қатысатын өнерлі  оқушылары «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.             Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына
Bala Qorgau
14
март
2022
Bala Qorgau
Bala Qorgau жобасы-оқушыларға және олардың ата-аналарына көмек зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жақын адамынан айырылған, күйзеліске ұшыраған және қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек.  Балаларға біздің көмегіміз қажет болған кезде балалар психологиялық, этикалық, отбасылық проблемаларға немесе олардың құқықтарының бұзылуына тап болған кезде біздің көмегімізді қажет етеді.
ҚР қоғам қайраткері, жазушы, драматург Дулат Исабековпен кездесу кеші өтті.
10
март
2022
ҚР қоғам қайраткері, жазушы, драматург Дулат Исабековпен кездесу кеші
2022 жылдың 10 наурыз күні #200 мектеп-гимназиясында  қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ онкүндігі аясында ҚР қоғам қайраткері, жазушы, драматург Дулат Исабековпен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында Дулат Исабеков өзінің жазушылық өмірінен сыр шертті. Оқырман жүрегінен орын алған шығармаларының жазылу тарихы мен мазмұны жайында кеңінен әңгіме қозғады. Алғашқы қалам тербеу сәтін, өміріндегі айтулы оқиғалар мен қызықты жайттарды баяндады.Сөз арасында жазушыға оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын
3 сынып оқушылары арасында "Ақылды ана, көркем қыз" тақырыбында байқау өткізілді.
08
март
2022
3 сынып оқушылары арасында "Ақылды ана, көркем қыз" тақырыбында
2022 жылдың 5 наурыз күні #200 мектеп - гимназиясының 3 сынып оқушылары арасында "Ақылды ана, көркем қыз" тақырыбында байқау өткізілді.  Байқаудың мақсаты: Қазақ қыздарының, анасының жақсы  қасиеттерін бойына сіңіріп өсуіне, аналарынан үйренгенін көрсете білуге және өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Санасына туған анасына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, дінін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін,
“Алғыс айту-парызым” атты сурет көрмесі өткізілді.
07
март
2022
“Алғыс айту-парызым” атты сурет көрмесі өткізілді.
2022 жылдың 28 ақпан күні #200 мектеп - гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Қ.Қалдарова және М.Иембердиеваның ұйымдастыуымен 5 - 6 сынып оқушылары арасында “Алғыс айту-парызым” атты сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың “сыйластық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рақмет, алғыс туралы түсінік бере отырып, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
«Алғыс айту парызымыз!» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
28
февраль
2022
«Алғыс айту парызымыз!» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
2022 жылдың 28 ақпан күні 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай №200 мектеп – гимназиясының 2 «В» сынып жетекшісі Г.Кұрманбекованың ұйымдастыруымен «Алғыс айту парызымыз!» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.  Мақсаты: 1.  Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту. 2.  Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. 3.  Елімізде тұрып жатқан әр түрлі
«Мұқағали Мақатаев- 90жыл»  төсбелгісімен және Республикалық «Өрлеу» ПШДО Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Құрмет грамотасымен марапатталады.
25
февраль
2022
«Мұқағали Мақатаев- 90жыл» төсбелгісімен және Республикалық «Өрлеу»
Алматы қаласында 25 ақпан күні қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы Алматы қаласының орта білім беру педагогтері арасында ұйымдастырған «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасының қалалық кезеңінде №200 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Қару III орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасы  «Өрлеу» порталының  «Мұқағали Мақатаев- 90жыл»  төсбелгісімен және Республикалық «Өрлеу» ПШДО Нұр-Сұлтан қаласы
Аудандық байқауда І орынды Н.Қару, А.Сманғали ІІ орын иеленді.
16
февраль
2022
Аудандық байқауда І орынды Н.Қару, А.Сманғали ІІ орын иеленді.
2022 жылдың 16 ақпан күні ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" атты байқауы Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында өткізілді. Байқауға №200 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қару Нұрзат және Сманғали Ақерке қатысты. Аудандық байқауда І орынды Н.Қару, А.Сманғали ІІ орын иеленді.